Қазақстанда 17 ақпан күні ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар Қазақстан қалаларының бірінде ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Талдықорғанда жайсыз метеорологиядық жағдай қалыптасады, яғни ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар