Қазақстанда 16 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 16 тамыз күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында «Арыс қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт күніне арналған салтанатты шара өтеді.

15.30-да Нұр-Сұлтан қаласында «ӘREKET» гранттар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

16.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Өнердегі доп» көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

10.00-де Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттің Ведомствоаралық жұмыс тобы «Электронды үкімет» порталындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бақылау нәтижелері» тақырыбында отырыс өткізеді.

11.00-де Алматы кәсіпкерлер палатасы мектеп асханаларын жалдаудағы қарыз мәселесі бойынша жиын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар