Қазақстанда 16 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 14.00-де бокстан ҚР Президентінің кубогын сарапқа салатын VII халықаралық турнир жалауын көтреді.

Сағат 15.00-де Ұлттық мұрағат ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РМК арасында меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Осы шара аясында Қазақстан халқының сирек қолжазбалар мен кітаптар көрмесі ұсынылады.

Сағат 15.00-де ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа орталығында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» брифинг ұйымдастырылады.


АЛМАТЫ

Сағат 9.30-да Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы жайлы қалалық орта басқармасымен, Медеу және Алмалы аудандары әкімдіктерінің аппаратымен бірлесе отырып, тротуарлардың, жаяу жүргінші өткелдерінің, мүгедектерге арналған кіреберістердің қол жетімділігіне, сәулет және құрылыс нормативтеріне сәйкестігін тексереді.

Сағат 11.00-де «Almaty Towers» бизнес орталығында Қазақстан қор биржасы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізеді. Мәслихатта 2019 жылдың бірінші жартысындағы отандық биржа нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар