Қазақстанда 16 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.30-да М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде академиялық адалдық мәселелері бойынша IV-ші жыл сайынғы «Академиялық адалдық саясатын енгізу және жүзеге асыру: Жаһандық және аймақтық келешегі» конференция өтеді.

Сағат 10.00-де «Алтын қырғауыл» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жастар жобасының форумы өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтеді.

Сағат 13.30-да Hilton Expo қонақ үйінде А. Жұмағалиевтің қатысуымен «Cyber & Digital Security-2019. Сөзден іске көшу» тақырыбында ІI халықаралық конференциясы басталады.

Сағат 14.00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында #Leadershiptalks атты жаңа алаңда шетелдік Мемлекеттік басқару академиялары ректорларының форумы өтеді.

Сағат 14.30-да st Regis Astana қонақ үйінде АЭФ аясында «Инклюзивті өсу үшін керекті экономикалық саясат шаралары» тақырыбында Кавказ және Орталық Азия, Моңғолия және ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің басшылары мен қаржы министрлерінің қатысуымен дөңгелек үстел басталады.

Сағат 15.00-де Мәжілісте Үкімет пен Есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептері таныстырылады.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Темірбек Жүргеновке арналған «Ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер» атты еске алу кеші өтеді.

Сағат 16.00-де Radisson қонақ үйінде «Біріккен көлік-логистикалық компания - Еуразиялық темір жол альянсы» АҚ президенті Алексей Громның баспасөз брифингі өтеді.

Сағат 16.30-да Астана экономикалық форумы аясында Конгресс-орталықта «Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаларға» дейін панельдік сессиясы басталады.

Сағат 17.00-де Astana Hub-та XII Астана экономикалық форумы аясында STEAM жастар көшбасшыларымен және әйел-кәсіпкерлермен диалогқа арналған іс-шара өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Оқушылар үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы-2019» бағдарламалары аясында қалалық әкелер слеті өтеді.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың және паллиативтік көмектің әлемдік тәжірибесі: өзекті мәселелер, шешімдер мен перспективалар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында әзербайжан халқының музыкалық аспаптарын музей қорына қабылдау рәсімі өтеді.

Сағат 14.00-де АТУ-да «Жас-өркен 2019» халықаралық жас дизайнерлер байқауы өтеді.

Сағат 16.00-де Суретшілер одағының галереясында Александр Долинскийдің «Туған өлке» жеке көрмесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар