Қазақстанда 16 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 16 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де М.Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ-де «C3QA» халықаралық жобасы аясында халықаралық семинар өтеді.

Сағат 10:30-да Назарбаев орталығында «Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІ Орталық-Азиялық халықаралық форум» өтеді.

Сағат 10:00-де «Хилтон Гарден» қонақ үйінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізеді. Ол жиында балалардың құқығын қорғау және миграциялық процесстерге байланысты ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланады.

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 11:00-де Астана қаласы әкімі аппаратының Баспасөз орталығында «Елорда жастары премиясы» баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында «Агенттіктің, Ұлттық бюроның, «Атамекен» ҰКП-ның инвесторлар мен кәсіпкерлікті қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерінің жұмысы» тақырыбында кеңес өтеді.

Сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде күй атасы Құрманғазының шығармашылығына арналған кеш өтеді.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Инвестиция - жастарға. Ешкімді назардан тыс қалдырмайық» тақырыбында баспасөз маслихаты өтеді.

Сағат 14:40-та «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің депутаты М.А. Айсиннің төрағалығымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы талқыланатын отырыс өтеді.

Сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылар кеңесінің отырыс өтеді. Жиын тақырыбы «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: қоғамдық келісімді бекітудің негізі ретіндегі өмір сапасы мен кірісін арттыру».

Сағат 16:00-де Қазақстандағы Үндістан елшілігінің жанындағы Свами Вивеканда атындағы Мәдени орталығы Ұлттық музеймен бірлесіп «Вастрам: Үнді тоқымасының әсем әлемі» атты дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін ашады.

АЛМАТЫ

Сағат10:00-де И.А.Крылов атындағы Орталық балалар кітапханасы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арнап шара өткізеді.

Сағат 10:00-де №5 ауруханада Қазақстандық дәрігерлер қауымдастығы биатлон бойынша Олимпиада чемпионы Елена Хрусталеваның қолдауымен остеопорозге қарсы күрес күніне орай өтетін брифингке шақырады.

Сағат 11:00-де Қазақстан қор биржасы 2018 жылдың үшінші тоқсанындағы KASE пен биржалық нарықтың жұмысының қорытындысы талқыланатын баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 17:00-де Республика сарайының алаңында «Kazakhstan Fashion Week» мода апталығы шымыдлығын ашады.

ШЫМКЕНТ
Сағат 14.30-да «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетинг және өзін таныту стратегиялары бойынша «PRодвигай себя» тренингі өтеді. Тренингке «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысады. 

Соңғы жаңалықтар