Қазақстанда 16-17 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16-17 наурыз - демалыс күндері өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

16 наурыз күні 20.00-де «Ailand» отбасылық демалыс орталығы «Қазақстандық сиқыршылар клубымен» бірлесіп «Ғажайыптар кеші» қайырымдылық шарасын өткізеді.

17 наурыз күні 11.00-де «Назарбаев Университетінде» Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының Президенті Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Қауымдастықтың I Конгресі өтеді.

18.00-де «№2 қалалық балалар ауруханасында ортопедия бойынша украиналық дәрігерлер шеберлік сыныбын өткізеді.

АЛМАТЫ

16 наурыз күні 9.00-15.00 аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әйелдерге арналған ашық ес ік күні өтеді.

10.00-де «Шымбұлақ» тау курортында жыл сайынғы Gorilla Winter Jungle жарысы өтеді. Жарысқа сноубордшылар мен шаңғышылар қатыса алады.

16.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы театрда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған кеш өтеді.

17 наурыз күні 11.00-де Алматыдағы Әулие Николь соборында діни ауыз бекітуде жеуге рұқсат етілген тағамдар фестивалі өтеді.

Соңғы жаңалықтар