Қазақстанда 15 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 15 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

Сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтеді.

Сағат 10:00-де Түркия елшілігінде 15-шілде – Демократия мен ұлттық бірлік күніне орай БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10:00-де Қазмедиаорталықта жас құқықбұзушыларға арналған бейімдеу орталығының ашылуына орай баспасөз-мәслихаты өтеді.

Сағат 11:00-де Qazaq Geography республикалық қоғамдық бірлестігінің штаб-пәтерінде I Run Kazakhstan жобасындағы экваторға арналған баспасөз-мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 08-00-де Нейрохирургияға арналған I білім беру курсы өтеді. Курс спикері жетекші нейрохирург, Тель-Авив медициналық орталығының балалар нейрохирургиясы бөлімінің директоры, жаңа туған нәрестелердің бас және жұлын ісіктерін зерттеу жөніндегі маман Шломи Константини.

Соңғы жаңалықтар