Қазақстанда 15 сəуірде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 15 сəуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Radisson Hotel Astana қонақ үйінде Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі Nur Otan партиясының қолдауымен инклюзивті қоғамды қолдау Еуразиялық қауымдастығымен республикалық семинар-тренинг өткізеді.

Сағат 11.30-да қалалық көпбейінді №2 ауруханада өтетін халықаралық шеберлік сағатында Қазақстандағы тұңғыш рет миокард инфарктын алған пациенттер үшін бірегей стент орнатылады. Шеберлік сағатын Италиядан арнайы шақырылған профессор, медицина ғылымдарының докторы, əлемдік деңгейдегі білікті маман Пьер Франческо Агостони өткізеді. Шараға жетекші интервенциондық кардиологтар қатысады.

Сағат 12.20-да Орталық комиуникациядар қызметі алаңында Қазақтанның солтүстігіндегі егіс жұмыстарына арналған баспасөз мəслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мəскеу-Таллин-Тбилиси-Нұр-Сұлтан видеокөпірі форматында РФ Мемлекеттік дума депутаты, Ресейдің бұрынғы бас санитарлық дəрігері Геннадий Онищенконың брифингі өтеді. Тақырып: «Қызылша туралы аңыздар жəне вакцинация туралы шындық: Еуропа мен ТМД елдеріне қандай қауіп бар?».

Сағат 15.00-де Сенатта «Мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық жəне əлеуметтік тұрғыда қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы» тақырыбында баспасөз мəслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-да Назарбаев университетінің Медицина мектебінде онкология саласының Израиль, АҚШ жəне Германия елдерінің жетекші сарапшыларының қатысуымен жиын өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Қазақ-Британ техникалық университетінде «Креативті бәсекелестікке арналған стратегия» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді.

Сағат 14.00-де «Almaty Towers» БО-да Қазақтан қор биржасы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мəслихатын өткізеді. Онда KASE пен қазақстандық қор биржасының 2019 жылдың алғашөы тоқсанындағы жұмысы қорытындыланады.

Сағат 18.00-де Алматы қаласының «Depo Evolution Park» мемлекеттік даму қорында «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған жастар үшін кинофестиваль өтеді.

Соңғы жаңалықтар