Қазақстанда 15 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:30 «Ақбұлақ» қонақ үйінде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылық субъектілері республикалық қауымдастығының кеңейтілген жиыны басталады.

Сағат 10:00-да Grand Park Esil  қонақ үйінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы ЕҚЫҰ кеңсесімен бірлесе дөңгелек үстел өткізеді. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралмақ.

Сонымен қатар осы уақытта Өзбекстан делегациясы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына барып, осы саладағы Қазақстанның тәжірибесімен танысады.

Сағат 10:00-да ҚР Кәсіподақтар федерациясында «Еңбек нарығы: әлемдік үрдіс, проблемалар мен перспективалар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұыйымдастырылады. Осы орайда «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» аясында қамтылған негізгі басымдықтар түсіндірілмек.

Сағат 11:00-де кезінде Сенатта республикалық бюджеттің жобасы бойынша Есеп комитетінің алдын ала есебіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Сағат 11:00-де Назарбаев Университетте «Көшбасшы бол!» жобасы аясында республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының құрылтай конференциясы өтеді.

Сағат 12:00-де Үкімет үйінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 15:00-де Ақордада Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі өтеді.

Сағат 18:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстанда Өзбекстан жылының ашылуына арналған концерт болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-да «1С»   VII форумы ұйымдастырылады. Шара барысында салық заңнамасындағы түзетулер мен жаңашылдықтар талқыланады. Форум алаңы еліміздегі бухгалтерлік және салықтық есеп мамандарын, қаржы директорларын және аудиторларды қамтымақ.

Сағат 10:00-да Мемлекеттік қуыршақ театрында «Қуыршақтар шақырады-2018» фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында режиссер, Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтеді.


СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11:00-де. Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтеді. Оған СҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің  басшысы Серікбай Қасмақасов қатысады деп күтілуде. Шара барысында ол сапасыз азық-түліктің анықталуы жағдайы бойынша мәлімет береді. 


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 14:00-де.  Шымкент стансасының теміржол вокзалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.  Бұл жаттығудың тақырыбы адамдар көптеп жиналатын орындарда адамдарды құтқару және қауіпсіз аймаққа шығару дағдыларын машықтауға арналған.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

 Сағат 11:00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ақтөбеге жақын маңайдағы ауданның келешегі: Алға ауданының дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11:30-да ШҚО Қоғамдық кеңесінде бірқатар мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады.  

Соңғы жаңалықтар