Қазақстанда 15 мың адам емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтінім берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша салымшының зейнетақы жинағын алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 17 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақысын алуға 573 324 (қабылданбағаны – 248 149) өтініш, емделуге 15 450 (қабылданбағаны – 4 108) өтініш келіп түсті.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 2 472 (қабылданбағаны – 450) өтініш келіп түсті.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

- Сома дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

- Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

- Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.

- Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

- «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

- Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.


Соңғы жаңалықтар