Қазақстанда 15 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 15 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да Мәңгілік ел көшесіндегі 33 ғимаратта «Заман талаптарына сай мектепке дейінші білім беруді дамыту» республикалық семинар өткізіледі. Қазақстанның мектепте дейінгі білім беру саласындағы ғалымдар, жетекші сарапшылар әртүрлі жастағы балаларды оқытудың инновациялық әдісін талқылайды.

АҚТӨБЕ
15 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласында даңқты қолбасшы, айбынды саясаткер Бөкенбай Қарабатырұлына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сағат 10.00-де Ақтөбе қаласының Шығармашылық академиясында Бөкенбай батырға арналған салтанатты жиналыс өткізіледі.
Сағат 11.30-да Бөкенбай батыр ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді (Бөкенбай батыр көшесі бойында, Әуежай аумағында орналасқан).

Сағат 10.00-11.30 аралығында Ақтөбе қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Жас түлек - 2019» мектеп бітірушілерді марапаттау рәсімі өтеді. Биыл облыс бойынша 6 337 түлек мектепті бітірді. Оның 505-і «Алтын белгі» иегері, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5 189 түлек ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар