Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.12 EUR 409.67
RUB 5.33 CNY 52.34
Жаңалықтар

Қазақстанда 15 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

2018 жылғы 14 маусым 22:09 608
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 15 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттіг Қазақстанда 15 маусымда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

Сағат 09:45-те ҚСЗИ-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиялары: жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталады.

Сағат 10.00-де ҚазҰАУ-да ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Сағат 10-00-де «Park Inn by Radisson Astana»-да жылыту маусымы және тиімділік стратегиясы жайында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 10:30-да Орталық саябақта «Сенің жаңа қырың» спорттық челленджін қолдау мақсатында жастардың «Astanа SPORT DAY 2018» спорттық марафоны өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының перспективалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер ретінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысады.

Сағат 15:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде министр Елжан Біртановтың төрағалығымен Медицина қызметкерлері күні құрметіне салтанатты шара өтеді.

Сағат 15.00-де Мәдениет және спорт министрлігінде ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі жөнінде баспасөз мәслихаты болады. Фестиваль маусымның 16-сы мен 28-і аралығында ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Елдің төрі - Елорда» атты құжаттық көрменің салтанаты ашылады.

Сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Астананың келешегі жайлы айтамыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Тәуелсіздік сарайының баспасөз орталығында жақында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күніне арналған баспасөз маслихаты өтеді.

Сағат 16:00-де Астана қаласының ҚАЖД ғимаратында ҚАЖК пробация қызметіне құрылғыларды тапсырудың салтанаты шарасы өтеді.

Сағат 16:00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі басталады.

Сағат 17.00-де «Сарыарқа» велотрегінде «Voice of Astana» Халықаралық музыкалық фестивалі басталады.

Сағат 18.00-де ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталығында» муайтайдан кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогі» халықаралық турнирі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 07:00-де Алматыдағы орталық мешітте жамағаттың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталады.

Сағат 09.30-да «Риксос» отелінде III Еуразиялық әйелдер бизнес-форум өтеді.

Сағат 15:00-де «SmArt.Point» коворкинг кеңістігінде Go Viral фестивалі ашылады.

Сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағында ақын, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтың 95 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 10.00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлер құрылтайын өткізгелі жатыр. Онда жастар инвесторларға, ірі кәсіпорындар мен билік органдары өкілдеріне өздерінің жұмыс істеп тұрған бизнес-жобаларын «Chaplin», «Korizza», «Biletron», «Виртуальды коммерция», «Global coffee», «Beren Apparel», «Prospectus», «SCRUM Коворкинг-орталық») ұсынатын болады. Шараның өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, Жастар ресурстық орталығы (бұрынғы С.Сейфуллин кинотеатры).

 

 


Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат