Қазақстанда 15 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 15 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасының фермасына баспасөз туры ұйымдастырылады.
Сағат 09.30-да «Rixos President Hotel» қонақ үйінде XII Астана экономикалық форумы аясында «Еркін экономикалық аймақтарда кедендік әкімшілендіруді дамыту перспективалары» тақырыбында брифинг өткізіледі.
Сағат 10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.
Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Баспасөз орталығында қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығының «Қалалық акселератор» жобасын іске асырудың басталуына арналған брифинг өтеді.
Сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Әділет министрі азаматтарды жеке қабылдайды.
Сағат 11.00-де қала әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Ана мен бала аллеясы» атты республикалық акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасы аумағында көшеттер егіледі. Акция аясында шамамен 180 көшет егу жоспарлануда.
Сағат 11.00-де Алау мұз айдынының пресс-орталығында 15 елден 40-тан астам танымал суретшілер жинайтын ASTANA ART SHOW 2019 заманауи өнер фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 12.00-де Кипр Республикасының Сыртқы істері министрі Никос Христодулидистің Қазақстан Республикасына сапары аясындағы жұмыс басталады.
Сағат 12.20-да ҚР СІМ-де орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының ірі және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік бойынша 3-ші қазақстандық форум өтті.
Сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында халықаралық климат күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 14.00-де MEGA Silk Way-дағы кинотеатрда «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының Бала асырап алу агенттігі Қазақстандағы бала асырап алушы ата-аналар туралы «Жүректен жаратылған» фильмін көрсетеді.
Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюрода баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 16.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы басталады.
Сағат 18.00-де Nazarbayev University (Orange hall) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаржы жинауға бағытталған қайырымдылық дәріс-концертін өткізеді. Шараны «PiuPop» италялық арт-ұйымы және Nazarbayev University ұйымдастырды.

АЛМАТЫ
Сағат 09.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде «Өнеркәсіптік кооперация» тақырыбында Қазақстан мен Қытай аймақаралық ынтымақтастығының II форумы өтеді.
Сағат 9.00-17.30 аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобалар: Жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуы» тақырыбында кластерлік кездесу өтеді.
Сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Астана халықаралық қаржы орталығы мен катарлық Хамад Бин Халифа университетінің ынтымақтастығы аясында Ислам қаржысының ғылыми-білім беру орталығының ашылуы өтеді.
Сағат 11.00-де Smart.Point-та «Аманат» азаматтық платформасы сайлау мониторингі бойынша тәуелсіз бақылау тренингін өткізеді.
Сағат 11.00-де Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Іс-шара «Алатау» өнер театрымен бірлесе ұйымдастырылады.
Сағат 12.00-де «АТАКЕНТ"»БСО-да 26-шы қазақстандық «Денсаулық сақтау» KIHE 2019» халықаралық көрмесі ашылады.
Сағат 14.30-да азаматтық орталықта экономика және Қоғамдық кеңестің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі №1 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 15.00-де «Юбилейный» супермаркетінде «Сатушысыз касса» атты кедергісіз қызмет көрсету желісі ашылады.
Сағат 17.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Кипр» аналитикалық тобы «Алматының қатысу бюджеті» сараптамалық талқылауын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар