Қазақстанда 15 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 15 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 08.30-да «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары М. С. Әшімбаевтің қатысуымен «Республикалық Бастауыш партия ұйымдарының форумы» өтеді.

Сағат 09.00-де Hilton Astana қонақ үйінде субөңірлік семинар өткізіледі. Онда Орталық Азия аймағы, Оңтүстік Кавказ, РФ денсаулық сақтау және ветеринарция сарапшылары адам мен жануарлардың өміріне қауіпті аурулардың түрін және одан сақтанудың амалдарын талқылайды.

Сағат 09.00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) «Қазақстанның электр энергетикалық саласының ұзақ мерзімді даму стратегиясы» тақырыбында энергетикалық форум өткізеді.

Сағт 09.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Словакия Республикасының Премьер-Министрі Петер Пеллегринидің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі.

Сағат 09.30-да «Марриот» қонақ үйінде «Қазақстан Респубикасындағы кәсіпкерлік заңнамасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел басталады.

Сағат 10.00-де №3 периниталдық орталықта шала туылған бала күніне орай шара өткізіледі.

Сағат 10.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде өтетін «Балалар - өміріміздің гүлі» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де «КӨРМЕ» көрме орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуға арналған «ТКШ- Құрылыс-ЭКСПО. SmartСity-2018» XI Халықаралық көрме-форумы өтеді.

Сағат 10.00-де Оқушылар сарайында аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық шарасы өткізіледі.

Сағат 11.00-де Ұлттық архивте Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның қабылдануына 20 жыл толуына байланысты «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы басталады.

Сағат 11.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Министрліктің басшылығы мен GEHealthcare компаниясы бөлімшесінің өкілдері кездесу өткізеді.

Сағат 11.00-де Астана қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арналған баспасөз-конференция өтеді.

Сағат 11.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросында брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қыс кезеңіне азаматтық қорғау органдараның дайындығы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Сағат 15.00-де Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокурорлық бақылау» атты Бизнесті қорғау бойынша ІІІ-форум өтеді.

Сағат 15.00-де Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылайды.

15.00-де ҚР Ұлттық музейде өтетін  «Корей халқының дәстүрлі маскалары» көрмесі ашылады.

Сағат 15.00-де Министрліктер үйінің 15 кіреберісінде азақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарының бірінші басшылары жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі бойынша баспасөз конференциясын өткізеді. Спикерлер ретінде Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры Алмагүл Сметова, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының міндетін атқарушы Шаріпбек Әмірбеков, Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Бибигүл Нүсіпжанова, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев сөйлейді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де КИМЭП-те ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі баспасөз брифингін өткізеді.

Сағат 09.30-да «Ритц Карлтон» қонақ үйінде Қазақстан қаржыгерлерінің VIII Конгресі ашылады. Ол жерде трансшекаралық есептесуде ұлттық валютаны қолдану мәселесі талқыланады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Өз мәртебеңді біл» Дүниежүзілік кампаниясының Қазақстандағы басталуына арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 12.30-да Қазақстандық халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының баспаөсз орталығында Халықаралық кәсіподақтық миссиясының Қазақстандағы жұмысының нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 17.00-де «Алматы» музейінде Қазақстандағы Францияның бас консулы Алексис Шахтахтиснки салтанатты түрде Maison Tangible франццз баспа үйінің көрмесіш ашады.

Сағат 18.30-да «Globus» ОСО-да режиссер Тимур Бекмамбетовтың қатысуымен «BEKMAMBETOV CINEMA» кинотеатрының ашылуы өтеді.

ШЫМКЕНТ

15 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы алғашқы Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Сағат 09.00-де «Гранд Шымкент» қонақүйінде және «Сәукеле» тойханасында туризм бойынша панельдік сессия және іскерлік кеңестің отырысы басталады.

Сағат 12.30-да «Ұлытау» тойханасында «Өзбек тағамдарының фестивалі» басталады.

Сағат 14.00-де «Көрме орталығында» техникалар көрмесі ашылады.

Сағат 15.00-де Шымкент қаласының әкімдігінде Өңіраралық ынтымақтастық форумының отырысы басталады.

Соңғы жаңалықтар