Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстанда 15 қаңтарда ҰБТ басталады

2019 жылғы 11 қаңтар 10:01 642
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 15 қаңтарда ҰБТ басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар айының 15-20 аралығында елімізде ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2019 жылы білім гранты қалай тағайындалады 2019 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болады және грант қалай тағайындалады

Білім және ғылыми министрлігінен хабарланғандай, осы жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтардың 15-20, наурыздың 24-29, маусымның 20 мен шілденің 5-і, тамыздың 17-20 аралығында өткізілетін болады. Тестілеу ақылы негізде болады. Яғни, ниет білдіруші 2242 теңге төлеп, бағын сынай алады.

Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілетін ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын беретінін атап өту керек. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грантқа үміттенуге жарамсыз.

Қаңтарда аймақта тест 8 нүктеде өткізіледі. Осы жолғы тестті ЖОО-на ақылы түрде оқуға түсу үшін мектеп түлектері, бірінші семестрдің соңына дейін ақылы түрде ЖОО күндізгі бөліміне тіркелгендер, шығармашылық емтихандар қажет болған факультеттерің басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттері жүзеге асыра алады. Тестіден өтуге қажетті құжаттар пакетінде: форма бойынша өтініш (ҰБТ өткізу пунктінде беріледі), 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі болуы керек.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атаған болатын.

Сондай-ақ, ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау басталып жатқаны туралы хабарланды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: «КАЗМЕДИА», ҰБТ, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT