20:20, 14 Ақпан 2020 | GMT +6
Қазақстанда 15 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қазақстан психологтары ассоциациясы» ҚБ қолдауымен көпбалалы, отбасында ерекше баласы бар және асыраушысынан айырылған әйелдерге «Өзіңе сен!» атты мотивациялық семинар-тренинг өткізеді.
15.00-де «Хан Шатыр» ойын-сауда орталығында «Сарыға таста» экологиялық акциясы өтеді. «Сарыға таста» акциясының мақсаты - тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау жобасын қолдау.
19.00-де «Қазақстан» ОКЗ камералық залында «LA VIE EN ROSE» концерті өтеді. Қазақ музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын белгілі француз әндері мен атақты француздық мюзиклдердің хит туындыларын «Қазақконцерт» МКҰ әншісі Гүлнәр Көшенова ұсынады.