Қазақстанда 140-тан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 140-тан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылады және оларды көрсету уақыты қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырумен қатар оларды көрсету мерзімін де қысқарту көзделіп отыр. Мәселен, архивтік анықтамалар беру қызметінде анықтама 11 жұмыс күнінен кейін беріледі. Бұл мерзімді 60 минутқа қысқартуға болады. Бұл - халық сұранысына ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу қызметін көрсетуді де 1 жұмыс күнінен 1 сағатқа қысқартуға болады», - деді Айгүл Шайымова.null

Оның айтуынша, мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға беру мәселесі де өзекті болып отыр.

«Бизнесті дамытуға жағдай жасау мақсатында автокөлікке техникалық тексеру жүргізу бәсекелік ортаға берілді. Осы шешім арқылы техникалық тексеру қызметі халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті. Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектор субъектілерін әкімшілік күту шығындары да қайта қаралады», - деді ол.

Екіншіден, әлеуметтік кәсіпорын болып саналмайтын жаңа кәсіпорындарды ашуға мораторий жарияланады және артық ведомстволық бағынышты ұйымдар таратылады. Бұл рәсімнің әлеуметтік салаға - мектептер мен ауруханаларға қатысы жоқ.

Айта кетейік, ықшам мемлекеттік аппарат құру аясында алдағы жарты жылда мемлекеттік органдарда штаттық көлемді оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте басқару бөлімдері оңтайландырылады.

Соңғы жаңалықтар