Қазақстанда 14 шілдеде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 шілдеде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Сағат 21:30-да Бурабайда ашық аспан асында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Біржан-Сара» операсы қойылады.

АЛМАТЫ

Сағат 08:00-де «Атакент» ҚІЫО-да жыл сайынғы Алматы халықаралық марафонына даярлық аясында Жазғы жүгіріс - маусымдық жүгіріс сайысы өткізіледі.

Сағат 10.00-да «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы мешіті жамағатынан келген барлық балуандардың қатысуымен Қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де Орталық мәдениет және демалыс паркінде жаз мезгілінің ең жарқын мерекесі - «БалмұзDay - Шығыс ертегісі» балмұздақ мерекесі ұйымдастырылады.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Сағат 09:00-де ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын мерекелеу аясында Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының маңында 27 киіз үйден тұратын этноауыл құрады.

Соңғы жаңалықтар