Қазақстанда 14 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кештен бастап бірқатар мемлекеттік органдардың ресми сайты қолжетімсіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы 23 ақпан сағат 21:00-ден бастап 24 ақпан сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізіледі», - деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында.

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:

- «Электрондық үкімет» порталы;

- «Мобильді үкімет» қосымшасы;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.

Соңғы жаңалықтар