Қазақстанда 14 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 14 маусымда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:30-да Марриотт Отельде «Blockchain Conference Астана» атты конференция басталады.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады.

Сағат 10:00-де «Transporttowers» ғимаратында Қазақстандағы көлік саласын цифрландыруда тұңғыш ««Е-freight» ауыр жүк әуе тасымалындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу мен бейімдеу» атты мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша келісімге қол қойылады.

Сағат 11:0-де ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР-дағы Түрікменстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.Көмековпен кездесуі өтеді.

Дәл осы уақытта Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов «Қазмедиада» халықпен кездесу өткізеді.

Сағат 11.00-де Қабанбай батыр мемориалдық кешенінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акциясы бастау алады.

Сағат 11:00-де «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында партиялық куратор, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Е. Бектұрғановтың «Білім беру жүйесіне ағылшын тіліне кезең-кезеңмен көшу мәселелері» атты отырысы басталады.

Сағат 11:00-де Қаржы министрлігінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы мен шағым бергені үшін төлем алу қызметіне регуляторлық әсер ету бойынша талдау қорытындысын талқылау өтеді.

Сағат 14:00-де ҚР Парламент Сенатының экономикалық саясат, кәсіпкерлік және инновациялық даму бойынша Комитет мүшелері мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығымен кездесуі өтеді.

Сағат 15:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында елорданың 20 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, медицина қызметкерлері күніне арналған «Елордалық денсаулық сақтау саласының 20 жылдығы, жетістіктер мен келешек» атты ауқымды шара өтеді.

Сағат 15.20-да Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі рөліне арналған кеңейтілген отырыс болады.

Сағат 15.30-да «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.А. Жарасовтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

Cағат 16.00-де  «Экономикалық тергеу қызметінің 2018 жылдың 5 айлық жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері» тақырыбындағы брифинг басталады.

17.00-де Тәуелсіздік сарайында «Елорда мақтанышы» атты «Алтын белгі» иегерлерінің құрметіне  арналған салтанатты шара ұйымдастырылады.

Сағат 19.30-да «Қазақстан» РТРК АҚ ұйымдастыруымен  «Қазмедиа» орталығының Нұржол бульвары жағынан үлкен экранда FIFA -2018 футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен Ресей-Сауд Арабия арасындағы алғашқы ойын көрсетілетін болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «SmArt.Point» коворкинг-орталығынла «Электронды коммерцияны дамытудың трендтері: аңыз және ақиқат» атты бірінші бизнес-форум өтеді.

Сағат 12:00-де Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы Алматыда ДЦП диагнозы бар балаларды ерте емдеу және белсенді түрде оңалту орталығының ашылуына шақырады.

Сағат 14.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тоталь Энерджи» жазғы мектебінің салтанатты жабылуы өтеді.

Сағат 15:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының, денсаулық сақтау саласы мамандарының, медициналық мекеме өкілдерінің қатысуымен Медицина күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Сағат 17:00-де Қазақстан Тәуелсіздігі монументі алдында «Ұлы Дала Елінің қасиетті мұралары» атты жастардың экспедициясы жолға шығады.

СЕМЕЙ

Сағат 10:00-де қалалық әкімдіктің ғимаратында жалпы орта білім беретін мектептердің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтеді.

Сағат 11:00-де «Өлім вагоны» ескерткішінің жанындағы 72 тұрғын үй орамында «Street Workout» спорттық алаңының ашылуы өтеді.

ОРАЛ

Сағат 16:00-де Жастар мәдениет үйінде «Мen qazaqpyn» халықаралық мегажобасының облыстық кезеңі қорытындыланады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 10:00-де Шымкент қаласының әкімдігінде «Highvill» құрылыс компаниясы, «Шымкент» СПК және Шымкент қаласы әкімдігі Шымкент-сити жобасына 400 млрд теңге шамасында инвестиция салу туралы үшжақты меморандумға қол қояды.

АТЫРАУ

Сағат 10.00-де облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының саяси кеңес Бюросы мәжілісінің отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де «Қазақстанның кітапханалары» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде және Каспий өңірінің  қазіргі заманғы жоғары колледжінде коворкинг-орталықтары ашылады.

Сағат 21.00-де Берлин қаласында өткен суға жүзуден мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Әлем кубогінде жеңіске жетіп, Азия ойындарына жолдама ұтып алған атыраулық спортшылар Ержан Сәлімгереев пен Дмитрий Лиді күтіп алу шарасы өтеді.

Соңғы жаңалықтар