Қазақстанда 14 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 14 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Сағат 09.30-да The St.Regis Astana отелінде «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ филиалы салтанатты түрде ашылады.

Сағат 10.00-де Риксос қонақ үйінде III Қазақстан-Ресей сарапшыларының форумы басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында ЖИТС құрбандарын еске алу күніне байланысты баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.20-да ОҚК-да «Еуропа одағы - Қазақстан: Медиа әріптестікті нығайту» байқауының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.45-те «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласында шетелде тұратын қазақтар мен отандастарға қолдау көрсету мақсатында өзара ынтымақтастық және әріптестік байланыстарды нығайту туралы меморандумға қол қояды.

Сағат 15.00-де елорда әкімдігінде «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова кеңес өткізеді.

Сағат 15.00-де ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше елдер мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жөніндегі келісім туралы» заң жобасы қаралады.

Сағат 16.30-да Қазақ ұлттық өнер университетінде «KAZDUO» орыс халық аспаптары дуэтінің концерті өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Армия орталық спорт клубында «Айбын» әскери-патриоттық ойындарының қалалық кезеңі өтеді. Ойындарды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қорғаныс істері жөніндегі департамент ұйымдастырады.

Сағат 11.00-де «Almaty Towers»-та Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді. Онда 2019 жылдың сәуір айындағы Қазақстан биржалық нарығының (оның ішінде валюта нарығының) жұмысы туралы талдау және статистикалық ақпарат ұсынылады. Іс-шара спикері-KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Сағат 14.00-де Қазақстан баспасөз клубында Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының (АТП) «Ритейл темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салуға қарсы» тақырыбында баспасөз брифингі өтеді.

Сағат 14.30-да «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Freedom Finance Insurance - Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де «Chaplin Mega Alma-Ata» кинотеатрында «Аруақ» фильмі көрсетіледі. Одан кейін бірден полемиялық клуб - түсірілім тобының мүшелері қатысатын фильмді талқылау басталады.

Сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында Жәния Әубәкірова концерт қояды.

Соңғы жаңалықтар