Қазақстанда 14,5 млрд. теңге сомаға 2428 нысан жекешелендірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 14,5 млрд. теңге соманы құрайтын 2428 нысан жекешелендірілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінен хабарлады.

«Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға жекешелендіруге жалпы сомасы 89,7 млрд. теңгені құрайтын 10 202 өтініш келіп түсті. Соның ішінде жекешелендіруге мәлімделгені: 67,7 млрд. теңгені құрайтын 7 989 тұрғын нысан, 20,5 млрд. теңгені құрайтын 5 075 тұрғын үйге жатпайтын нысан, соның ішінде 11,7 млрд. теңгені құрайтын 929 коммерциялық нысан, жалпы сомасы 0,7 млрд. теңгеге 13 заңды тұлғалардың қатысу үлесі , сомасы 0,8 млрд. теңгені құрайтын бағалы қағаздар. Қазіргі кезде 14,5 млрд. теңгені құрайтын 2 428 нысан жекешелендірілді», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің келтірген мәліметтерінше, салық органдарына ҚР сыртында жатқан мүлікті жекешелендіру өтініштері болмады. Жекешелендіру бойынша келіп түскен өтініштердің саны жағынан Алматы облысы мен Алматы қаласы (сәйкесінше 3181 және 2304) көш бастап тұр. Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орын Ақтөбе облысында (1019 өтініш). Белсенділіктің соңғы орнында екінші апта бойы Батыс Қазақстан облысы тұр: мұнда жекешелендіру бойынша келіп түскен өтініштер саны небәрі 68.

«ҚР Ұлттық банкінің есебіндегі мәліметтер бойынша, екінші деңгейлі банктар ақшаны жекешелендіруге жалпы сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайтын 25 жинақ ақша шоты ашылды. Соның ішінде ақша жинақ шоттарынан 2,7 млрд. теңге шешілді, ақшаны жекешелендіру үшін бюджетке 293,9 млн. теңге төленді. ҚР экономикасына 39,5 млн. теңге инвестицияланды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар