Қазақстанда 1388 травматолог еңбек етеді

None
Фото: t.me/DenMinPR
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 мамырда Дүниежүзілік травматология күні аталып өтеді. Елдегі травматолог мамандар жыл басынан 199 мыңнан астам науқасқа көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Травматолог дәрігер мамандығы – бұл зейінділікті, жауапты шешімді жылдам әрі дұрыс қабылдауды, жоғары біліктілік пен тәжірибені талап етеді. Пациенттің денсаулығы ғана емес, тұтас өмірі білікті маманның қолында болатын жағдайлар аз емес.

«Бүгінгі таңда елімізде 1388 травматолог жұмыс істейді. Олар тек 2022 жылы 199 мыңнан астам пациентке медициналық көмек көрсетті.

Қазақстанның травматология бөлімшелерінде озық, инновациялық технологиялар, оның ішінде ірі буындарды эндопротездеу және емдеу-диагностикалық артроскопия, аяқ-қолдардың сынуы кезіндегі жабық аз инвазивті остеосинтез технологиялары, омыртқаны хирургиялық түзету мен бекітудің заманауи жүйелері және басқасы қолданылады», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар