Қазақстанда 138,6 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылды - ҚР Қаржы министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда 138,6 млрд. теңгенің мүлкі мен қаржысы заңдастырылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мүлікті заңдастырудың негізгі үлесі республика бойынша мүлікті заңдастыруға тиесілі. Бұл салада 109,5 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылды. Оның ішінде 65 пайызы тұрғын үй қорының нысаны. Бұдан басқа, шет елдегі 113,1 млн. теңгенің мүлкі жария етілді. Бюджетке мүлікті заңдастырудан 1,2 млрд. теңге түсті. Мүлікті жария ету бойынша, заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып отыр, онда заңдастыру субъектілері үшін одан да қолайлы әрі тартымды процедуралар механизмі қайта қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар