Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді

2019 жылғы 14 қаңтар 14:55 687
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың қызметкерінің жалақысын көтеруге әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 100 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өсті Елімізде жоғары жалақы төленетін өңірлер белгілі болды

«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында, елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді деп», - делінген хабарладама.

1 235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 - орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі, яғни 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін жетеді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын. 
«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін шынайы көмек болады. Бұл барлық салаларда, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,3  млн адамның еңбекақысын көтеруге септігін тигізеді», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT