Қазақстанда 13 млн гектар аумаққа егін салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл еліміз бойынша 23,4 млн гектар аумаққа егін салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде көктемгі егіс жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде басталды, облыстардың жедел деректері бойынша 13 млн га егілді, бұл жоспардың 62%, оның ішінде дәнді дақылдар – 9,5 млн га немесе 61%, майлы дақылдар – 1,9 млн га немесе 58%, көкөніс-бақша дақылдары – 248,1 мың га немесе 90%, картоп – 163,2 мың га немесе жоспардың 83% егілді. Жалпы биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектар болады, бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың га көп», - деді Е. Қарашөкеев.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдарды 36,5 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.

Астық, көкөніс-бақша, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Шаруалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамту, қаржыландыру мәселелерін үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, облыс әкімдерінің орынбасарлары енгізілді. Жыл басынан бері жедел штабтың 5 отырысы өтті», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар