Қазақстанда 13 қарашада өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 13 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10.00-де ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі  Олег Честновтың төрағалығымен «Қазжол Астана» қонақ үйінде дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 12.00-де «Назарбаев орталығында» «Астана Клубтың» жыл сайынғы отырысы басталады. «Астана Клуб» - сарапшылар мен саясаткерлерді, дипломаттарды біріктіретін, саяси форум форматындағы халықаралық пікірталас алаңы.

Сағат 15.00-де «Astana hub» халықаралық технопаркінде Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Жастарды қолдау» бағытының комиссия отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология иститутының Ғылым ордасында «Институт ардагерлері» кездесу және «Орта жүздің батырлары мен сұлтандары» атты құжаттар жинағының таныстырылымын өткізеді.

Сағат 11.00-де Адам құқығы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының баспасөз орталығында #ЯПринадлежу (#IBelong) кампаниясының бір жылдығы аталып өтеді.

Сағат 11.30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Техникалық және кәсіби білім берудегі тиімділікті арттырудағы ақпараттық технологиялардың маңыздылығы туралы» атты баспасөз конференциясы өткізіледі.

Сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан жастары - 2018» ұлттық баяндамасының тұсаукесері ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де «InterContinental Almaty» қонақ үйінде «Орталық Азияда білімнің күшімен зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» тақырыбында семинар ашылады.

Сағат 16.00-де Алматы Халықаралық әуежайында III В ИКАО категориясы сертификациясын алу құрметіне орай баспасөз конференциясы өткізіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 15.00-де Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Керуен жырдың жалғасы...» атты Сыр бойындағы жыраулық мектеп шәкірттерінің концерті өтеді.

Сағат 18.00-де «Еуразия» спорт кешенінде «Қайсар» футбол клубының 50 жылдығына орай және биылғы доп додасының жабылуына байланысты салтанатты шара басталады.

 

Соңғы жаңалықтар