Қазақстанда 13 қаңтар күні ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде таң ата және күндіз жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 23 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте белгілі бір уақыт аралығында тұман түседі.

Түркістан облысында да тұман түседі.




Соңғы жаңалықтар