Қазақстанда 12 шілдеде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 шілдеде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

Сағат 09:00-де Қазмедиа орталығында «Media-2020» Халықаралық конференциясы басталады.

Сағат 11.00-де Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының ғимаратында Жоғарғы сот БАҚ үшін үлгілі сотты қалай көретіні туралы жобаны таныстырады.

Сағат 11.30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Әлеуеттік қауіптерден АШМ-ды қорғау шаралары, сонымен бірге шағын және орта бизнесте кәсіпкерлікті дамыту және бизнес-климатты жақсарту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 17.30-да «Арбат Астанада» ашық аспан астында «Жан жүрегім - Астана!» атты шығармашылық фестиваль басталады. Шараға Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Ramada Plaza» отелінде су ресурстарын басқару және су рөлін арттыру бойынша сектораралық өзара жұмыс жүргізуді бекемдеу бойынша аймақтық отырыс басталады.

Сағат 11.00-де Жамбыл көшесіндегі «Aurora Space»-та Aviata және Тикетон сервистерінің негізін қалаушы Алексей Ни нарықтың жаңа сегментіне сай жаңа стартаптың тұсаукесерін өткізеді.

Сағат 12.00-де «БЖЗҚ» АҚ-да «Зейнатық заңнамасының өзгерістері туралы» атты тақырыпта брифинг өтеді.

Сағат 14.30-да Тұран университетінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебі тыңдалады.

Сағат 15:00-де Open Almaty қоғамдық қабылдау базасында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша ақыл-кеңес алуға болады.

Соңғы жаңалықтар