Қазақстанда 12 миллион тоннадан астам астық бастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 727,5 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, есептік кезеңде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер10 010,4 мың га немесе өңірлердегі жалпы егіс алқабының 66,6% жинаған. Астық дақылдарының орташа түсімділігі бір гектардан 12,47 центнерді құрады.

2017 жылдың сәйкес мерзімінде 13 541,9 мың га немесе ҚР облыстарының жалпы егіс алқаптарының 88,4% жиналып, 17 654,8 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік бір гектардан 13 центнер болған.

Қазақстанда 2018 жылы астық жинау алқаптарының аумағы 15 027,9 мың гектарды құрады. 2017 жылы 15 318,6 мың га болған. Егіс науқаны кезінде жалпы аумағы 15 122,6 мың га алқапқа астық бастырылса, өткен жылы 15 377,2 мың га алқапқа астық егілген.

Соңғы жаңалықтар