Қазақстанда 110 мың педагог біліктілігін арттыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 110 мыңнан астам  педагог республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 221 мың мұғалім дайындалды. Ол 78 пайызды құрайды. Педагогтардың еңбекақысына Елбасы тапсырмасына сәйкес 30 пайыз үстемеақы төленуде және биыл оларды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен 34 мың мұғалім біліктілігіне байланысты 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы  алады. Аттестаттаудан өтпеген 11 мың мұғалім 3-4 қарашада қайта тапсырды», - деді Элмира Суханбердиева.

Сонымен қатар оның айтуынша, биылғы жылы 110 мыңнан астам  педагог республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Соның ішінде 8 мыңнан астам пән мұғалімі жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік курстарда білім алуда. Олардың 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріскен. «Ұстаз» орталығы барлық өңірлерде ағылшын тілінде сабақ бере бастайтын 4,5 мыңнан астам мұғалімге қолдау көрсетіп жатыр.

«Өткен оқу жылында 510 мектеп кейбір пәндерді ағылшын тілінде ілкі жоба ретінде оқытса, осы оқу жылында 2200-ден астам мектепте ағылшын тілі элементтері  қолданылуда. Педагогтер, оның ішінде ағылшын тілінің мұғалімдерін, психологтарды 2019 жылдан онлайн оқыту жоспарлануда және «Өрлеу» бағдарламасымен воучерлік жүйе бойынша бірқатар халықаралық курстардан кейінгі қолдау көрсетіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар