Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Республикалық «100 жаңа есім» жобасына үміткерлерден өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«100 жаңа есім» жобасы Қазақстанда ерекше талантты және тұлғалық сипатқа ие адамдарды іздеп, жобаға белсене қатысуға шақырады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған.

Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның биылғы ерекшеліктеріне келсек, үміткер өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға болады. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне басымдық берілетіні айтылды.

Сол сияқты өткен жылғы іріктеу кезеңінен өтпей қалған үміткерлер биыл тағы да өтінім беруге құқылы.

Өтінім осы жылдың қазан айының ортасына дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданады, одан әрі қараша айы бойы онлайн дауыс беруге жалғасады.

«100 жаңа есім» жобасының жаңа маусымын ашық деп жариялаймыз. Үміткердегі таңдауда қойылатын басты талап, ол адамның тәуелсіз еліміздің  дамуына өз үлесін қосуы. Үміткерлерді анықтауда әділқазылар алқасы болмайды, лайықты деген азаматты не азаматшаны халық дауыс беру арқылы өзі таңдайды», - деді «Қазконтент» АҚ-ның басқарма төрағасы Евгений Кочетов 
null 

Айта кетерлігі, өткен жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданды, оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102  үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды. 
null

Соңғы жаңалықтар