+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қазақстанда 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

2021 жылғы 4 мамыр 15:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат UMC корпоративтік қорына сілтеме жасап.

29 сәуірде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында еліміздегі 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы жасалып, ота сәтті өтті.

Орталықта бүйрек трансплантациясы 2012 жылдан бері жасалады. 2015 жылдан бастап Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балаларға қайтыс болған адамдардан бүйрек трансплантациясы жасалады.

Бүйрегі ауыстырылған ең кішкентай балаға 3 жас 6 ай, салмағы небәрі 10,5 келі болған. Отандық мамандар жасаған бүйрек трансплантациясының нәтижесі әлемдік клиникалармен бірдей. Мүше трансплантацияланған балалардың өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 94,4% дейін жетеді.

«Балаларды операцияға дұрыс дайындау ғана емес, сонымен қатар Нефрология және диализ бөлімінде өтетін операциядан кейінгі емдеу өте маңызды. Осыған байланысты біздің мамандарымызға дәрігер-эфферентолог, ересек реанимация-анестезиология бөлімінің командасына, балалар реанимациясы және анестезиология бөлімінің командасына, дәрігер-анестезиолог, хирургтер мен барлық урологтарға, бүйрек трансплантациясына қатысқан медбикелер мен анестезиологтарға зор алғыс білдіреміз», делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталмыш орталық бүйрек трансплантациясы бойынша Қазақстанда жалғыз. Отандық мамандардың емнің осы күрделі түрін меңгеруінің арқасында қазір бүйрек пен бауырды транплантациялауға мұқтаж балаларға шетелдік клиникаларға бармай-ақ қоюына болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT