Қазақстанда 100 мыңға тарта кәсіпорынның зейнетақы жарнасы бойынша қарызы бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың зейнетақы жүйесімен қамтылу деңгейі туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ел зейнетақы жинағының жүйесімен толық қамтылмаған. Төлемдердің тұрақсыздығы да байқалады. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны – 8,7 млн адам. Осы халықтың ішінде жылына бір рет болсын зейнетақы жинағы аударылатындардың саны – 6,5 млн млн адам», - деді Біржан Нұрымбетов Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуына қарағанда, осы аталған халықтың 1,6 миллионына жылына 1-ден 5 мәртеге деген зейнетақы төлемі аударылып отырады.

«Жалпы, Қазақстандағы 100 мыңға тарта кәсіпорынның 2,7 млрд теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы бар. Сол себепті, жұмыс берушінің төлем бойынша жауапкершілігін арттыру шараларын күшейтуді ұсынып отырмыз. Қазіргі таңда зейнетақы қарызы – 2,7 млрд теңге дегенімізбен, салық бойынша қарыз жоқ. Осының өзі зейнетақы аударымына деген қарым-қатынастың қандай екенін көрсетеді», - деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет азаматтардың зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігі бойынша Президентке ұсыныс бергенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар