+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қазақстанда 10 мыңнан астам жол белгілері орнатылады

2021 жылғы 25 сәуір 18:14
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 10 мыңнан астам жол белгілері орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын Қазақстанда қыс айы өтіп, көктемгі су тасқыны орын алғаннан кейін жол жабындысын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 45 млн теңгенің спорттық алаңдары құжат жүзінде ғана жасалған Елордада үлескер қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды Жезқазған өңірінде 60 мың тонна көкөніс өндіретін жылыжай мен құс фабрикасы салынады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-ында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары еліміздің жолдарында шамамен 10 500 жол белгісін, 2500-ден астам шақырым белгі, 410 ақпараттық панно және шамамен 32 мың дабыл бағанын орнатады. Бұған қоса, 600 мың шаршы метр республикалық автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, республикалық жолдарда шамамен 40 мың текше метр қоршауды және 180 автомобиль павильонын жөндеу көзделген.

Жалпы, биыл жол жөндеушілер жұмысын 14 бағытта атқарады. Жұмыстардың барлығы жол жабындыларының бұзылған жерлерін жөндеу, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT