Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жемқорлық үшін сотталған

2017 жылғы 8 желтоқсан 11:10 1517
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жемқорлық үшін сотталған

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өтіп жатқан xалықаралық конференцияда өз жұмысының нақты нәтижелерін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"2001 жылдан бері Қазақстанда жемқорлық үшін 10 мыңнан астам адам сотталды. Олардың ішінде 2 экс-премьер, 17 төраға, министрлер мен олардың орынбасарлары, 15 облыс пен қала әкімдері, ұлттық компаниялардың 8 топ-менеджері, күш құрылымдарының 8 жетекшісі, генералитет бар. Бұның барлығы адамның заң алдында тең екенін, қылмысты кім жасаса да, жазадан құтыла алмайтынын көрсетеді" - дейді Қожамжаров.

Оның айтуынша, аталған шаралардың арқасында xалықтың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сенетіндердің саны екі есеге артты. Ал пара беру жағдайлары төмендеді.

"Әрине, ұйымдастырушыдан бастап орындаушыға дейінгі барлық қылмыстық тізбекті анықтау жұмысына негізгі басымдық берген жөн. Ал, ең бастысы, мемлекет қаржысын жымқыруды әу бастан әшкерелеу керек", - деп атап көрсетті агенттік басшысы.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат