Қазақстанда 10 мыңға жуық өзбекстандық жоғары білім алуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының білім көрмесі өтуде. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

Шамамен 50 қазақстандық жоғары оқу орны Өзбекстанда болып жатқан білім көрмесіне қатысуда. Университет өкілдері әлеуетті студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесуде.

Қазіргі таңда Қазақстанда Өзбекстанның 10 мыңға жуық азаматы жоғары білім алып жатыр. Білім көрмелері Ташкент қаласында өтіп кетті. Сондай-ақ олар Самарқанд, Қаршы, Бұқара және Нүкіс қалаларында өтетін болады. Көрмеге шамамен 25 мың адам қатысады.

Соңғы жаңалықтар