Қазақстанда 10 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат  Демеуов ІІД және есірткі бизнесімен күрес бөлімшелерінің басшыларымен «Көкнәр-2017» жедел алдын алу шарасының қорытындысына арналған жиынды бейне байланыс арқылы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсетін Шу алқабы орналасқан. Бұл өңір қарасораны жинап, өңдеу республика аумағына таратуға ұмтылатын қылмыстық топтарды өзіне тартады. Мұнан бөлек, Қызылорда облысында «үнді қарасорасы» өседі.

Шара барысында ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті бастығының орынбасары Жанат Битенов құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді дайындаудың жолын кесу, «ауған» есірткісінің тасымал арналарын жою, есірткі сатумен, тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою жұмыстары жайында есеп берді. Арнайы өткізілген шараға полицияның арнайы бөлімшелері, Ұлттық ұланның, ҰҚК-нің және ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

«Көкнәр-2017» шарасын өткізу барысында 130 тонна есірткі заттары, оның ішінде 90 тонна  арнайы өсірілген қарасора, 28 тонна жабай өскен қарасора, 138 тонна гашиш пен 28 тонна героин тәркіледі. Есірткі бизнесін жолға қойған 5 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.  Мәселен, Ресей азаматынан Шу өңірінде 1 тоннадан астам марихуана тәркіленсе, Павлодарда жүк көлігінің жасырын орнынан 180 келі марихуана табылды. Толықтай алғанда, 30 млн рет қолдануға болатын көлемде түрлі есірткі заттары заңсын айналымнан алынып, 10 млрд теңгеден астам қаржының көлеңкелі экономикаға түсуіне жол берілмеді.

 

Соңғы жаңалықтар