+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Қазақстанда 1-топтағы мүгедекті күту үшін жәрдемақы төлеу мәселесі пысықталуда

2020 жылғы 24 қараша 16:40
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 1-топтағы мүгедекті күту үшін жәрдемақы төлеу мәселесі пысықталуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ІХ Азаматтық форумда мүгедектерді сырттай куәландыру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедектікті сырттай куәландыру – проблемалық мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта мүгедектік алатын адам бірнеше инстанциядан өтуге мәжбүр. Алдымен емханаға жүгінеді, содан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға, сосын әкімдік бөліміне баруы керек. Жұмыс мәселесі туындаса, жұмыспен қамту орталығына да барады. Осы жұмыстарды азайту үшін біз сырттай куәландыруға ауысқымыз келеді. Мұнда тек емханада тексеруден өту керек болады, ал медициналық-әлеуметтік сараптама, консилиум сырттай өтеді. Яғни, жәрдемақы, жеке оңалту бағдарламасы автоматты түрде тағайындалады, оған қоса жұмыспен қамту орталығындағы қызметтерді автоматтандыруды жоспарлап отырмыз», - деді министр үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуде.

Оның айтуынша, бірінші топтағы мүгедектерді күту бойынша бірыңғай жәрдемақы енгізу мәселесі де пысықталып жатыр.

«Өкінішке орай, қазіргі заңнамада әлеуметтік тұрғыда әділетсіз болып көрінетін нормалар бар. Мысалы, біздің елімізде бірінші топтағы мүгедектігі бар 65 мың адам тұрады. Олардың 24 мыңға жуығы жеке көмекші қызметтерін, 4 мыңға жуығы – медициналық-әлеуметтік мекемелерде, 16 мыңға жуығы – бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны пайдаланады. Бірақ заңнама бұл жәрдемақыны бала кезінен мүгедек болған жағдайда ғана енгізеді, ал ересек адам мүгедек болса ше? Сондықтан мұны түбегейлі өзгерткіміз келеді және барлығына бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша бірыңғай жәрдемақы енгізгіміз келеді», - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT