Қазақстанда 1-тоқсанда мұнай өндіру 4,2% артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру 2019 жылдың қаңтар-наурызында 19,827 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 3,184 млн тонна (былтырғыдан 4,7 пайызға аз), табиғи газ - 14,635 млрд текше метр (+4 пайыз), көмір - 29,704 млн тонна (-0,1 пайыз) болған.

Сондай-ақ, темір рудалары - 9,164 млн тонна (-6,5%), жез рудалары - 27,292 млн тонна (+17,3%), құрамында алтыны бар рудалар 5,258 млн тонна (+20,2%), хром қоспасы - 1,201 млн тонна (+14,4%) көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар