+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар

2020 жылғы 17 ақпан 12:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кәмелетке толмаған 15 баласы бар 1 ғана отбасы бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Арселор Митталл», «Қазақмыс», «ҚТЖ» және «Эйр Астана» жұмысшыларын қысқартпайтын болды Еңбек министрлігі зейнетақы мөлшері қалай индексацияланатындығын түсіндірді 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

«Өздеріңізде білетіндей, атаулы әлеуметтік көмекті реформалау аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға кірістеріне қарамастан жәрдемақы енгіздік. 4 баласы барларға 42 500 теңге, ал одан ары 7 және одан көп баласы бар отбасына 74 мың теңге төленеді. Яғни бір балаға 10 600 теңгеден беріледі. Көпбалалы аналармен, депутаттармен талқылау барысында жәрдемақыны одан ары саралау қажет деген ортақ пікірге келдік. Таяу уақытта Заңға түзетулер енгіземіз. Заң ақпан не наурызда қабылданғанның өзінде ол осы жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ендігі уақытта 8 баласы барларға 74 мың емес шамамен 85 мың теңге, 9 балаға 96 мың, 10 балаға 106 мың және 15 балаға 159 мың теңге беріледі», - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін.

Осы ретте министр мұндай қадамға неліктен барғандықтарын түсіндіріп берді.

«Өңірлерге барғанда жасы кәмелетке толмаған 12 баласы бар ана неліктен 7 баласы бар аналармен бірдей жәрдемақы алатындығын сұраған еді. Сондықтан әділетті болу керек шығар. Ең көбі 15 баламен тоқтадық. Бізде Солтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған 15 баласы бар бір ғана отбасы бар. 8 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны – 2 451», - деді ол.

ҚазАқпарат осыған дейін баласы ең көп отбасы Солтүстік Қазақстан облысында тұратыны туралы жазды. Петропавлда тұратын Култышевтардың отбасында 15 бала бар.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT