Қазақстанда 1 мыңнан астам оңтүстіккореялық компания жұмыс істеуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 мыңнан астам оңтүстіккореялық компания жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 10 жылда штелдік инвестицияның Қазақстанға жыл сайынғы тартылуы деңгейі 10 есеге өсті. Егер де 2005 жылы корей инвестициясының Қазақстанға бағытталған көлемі 50 млн доллар болса, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 500 млн долларға жетті», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2005 жылдан бері оңтүстіккореялық бизнесмендер Қазақстанға 5 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салды.

«Бүгінде Қазақстанда 1 мыңнан астам корей компаниялары тіркелген. «Kazakh Invest» 4,8 млрд доллар сомасында Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 42 жобаны қамтыды. Оның ішінде 20 жоба табысты түрде іске қосылды», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев Қазақстан-Корея бизнес-форумында.

Соңғы жаңалықтар