Қазақстанда 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін анықтаған.

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді.

ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар