Қазақстанда 1 млн халыққа 1 172 ғалымнан келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, соңғы екі жылда елдегі жас ғалымдардың қатарына мыңнан астам маман қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Бүгінгі таңда ғылым саласында 22 655 адам қызмет етеді. 1 млн халыққа 1 172 ғалымнан келеді. Ғылым саласында соңғы жылдары өте үлкен түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бірінші кезекте қаржыландыру екі еседей артты. Ғылым туралы заңға жылдар бойы шешілмей келген мәселелерді шешуге арналған өзгерістер енгізілді. Ғылыми ұйымдардың материалдық ахуалы күрт төмендеп кеткен. Сол бойынша үлкен-үлкен қомақты шаралар қабылданып, жаңа, заманауи зертханалар, басқа қондырғылар сатып алынды. Жалпы еліміздің ғылыми қызметкерлерінің жағдайына байланысты үлкен шаралар қабылданып, қазіргі таңда жас ғалымдардың саны соңғы 2 жылда 1000 адамға өсті», - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, пандемия кезінде отандық QazVac вакцинасының пайда болуы – елдегі ғылымның басты жетістіктерінің бірі.

«Бүкіл осы өзгерістер Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен, халыққа арналған Жолдауларында қойылған үлкен мәселелерге байланысты. Ғылымда жетістіктер де жоқ емес. Өзіміздің вакцинадан бастап қазіргі таңда 50-ден астам үлкен бағдараламалық ғылыми жоба іске асты. Олардың нәтижесі халықтың әл-ауқатына оң әсер етеді деп сенуге негіз бар», - деді Жанна Құрманғалиева.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжановтың айтуынша, әлемнің 43 елі қазақстандық QazVac вакцинасын алуға дайын.


Соңғы жаңалықтар