Қазақстанда 1 млн 200 мың адам ревакциналаудан өтті
2022 жылғы 25 қаңтар 17:43

Қазақстанда 1 млн 200 мың адам ревакциналаудан өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елдегі ревакциналау жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясына қарсы ревакциналау 6 ай бұрын вакцина алған адамдарға жүргізіледі. Бүгінде 1 млн 200 мың адам ревакциналаудан өтті», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикер Phizer препаратының жарамдылық мерзімін және қанша адам салдырғанын айтты.

«Қазақстанда Комирнати (Phizer) вакцинасының 2,5 млн астам дозасы бар. Оның жарамдылық мерзімі – 9 ай. Бүгінгі күні 564 мыңнан астам адам Phizer-дің бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентпен 300 мыңнан астам адам егілді», - деді Айжан Есмағамбетова.


Jańalyqtar

MURAǴAT