+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

2018 жылғы 20 қыркүйек 13:23
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жинақ және жедел салымдары сыйақысының шекті мөлшерлемесі бекітілді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютада сақтаған депозиттерінің шарттарына өзгеріс енгізілді. Енді жеке тұлғалардың салымы жедел және жедел емес жинақ болып бөлінеді» ,-делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Сыйақы мөлшерлемесі салым түрі мен мерзіміне қарай сараланатын болады. Сондай-ақ шұғыл қайтарып алу немесе толтыру құқығына қарай қарастырылады.

Осыған орай Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (KDIF) шекті мөлшерлемені бекітті.

KDIF өз құзіретіндегі банктер мәжбүрлі жағдайда жұмысын тоқтата қалса, ондағы сақталған жеке тұлғалардың қаржысын (депозитегі, есепшоттағы сондай-ақ төлем картасындағы) қайтаруға кепілдік береді. Қазіргі таңда депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 27 банк қатысады. KDIF кепілдігі барлық жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға жарайды.

Жинақты шетел валютасымен жүргізетіндер үшін бұрынғы әдіс қала бермек. Яғни сыйақы мөлшерлемесі салым мерзіміне қарамастан 1 пайыздық деңгейін сақтап тұрады.

«Салымдарды жіктеу мен сыйақының шекті мөлшерін бекіту 1 қазаннан кейінгі депозиттерге қатысты. Оған дейінгілері бұрынғы келісімшартта көрсетілгендей жалғаса береді»,-деді Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арайлым Жолдасбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT