Қазақстанда 1 қаңтарда халық саны 18,395 млн адамға жетті
Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 638,7 мың адам немесе 57,8 процент, ал ауыл халқының саны 7 млн 757 мың адам немесе 42,2 процент болды.
2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 3156 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 0,2 пайызға көп.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 1617 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 51,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 625 немесе 19,8%, тыныс органдары ауруларынан - 197 немесе 6,2%, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 150 немесе 4,8% нәресте қайтыс болды.
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында елімізге көшіп келгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 20,5 пайыз азайып, қоныс аударғандар саны 11,1 пайызды құрады. Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері бойынша өтіп жатыр. ТМД елдерінен келген адамдар үлесі 78,9 пайыз, көшіп кеткендер үлесі - 90,1 пайыз болды.