Қазақстанда 1,7 млн адамға зейнетақы жинағынан 3,4 трлн теңге төленді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде зейнетақы жинағынан жеткілікті шектен асатын 3,4 трлн теңге төленді, оның 3,1 трлн теңгесі тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері наурызда 13 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 304,9 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 383,7 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 64,5 млрд теңге болды», - деді ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.

2021 жылғы ақпаннан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 1,7 млн өтініш орындалған, олардың сомасы 3,4 трлн теңге болды.

«Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 3,1 трлн теңге тиесілі. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,4% болды», - деді Ғ. Пірматов.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы теңге бағамы наурыздағы құбылмалықтан кейін нығайып жатқанын айтқан еді.




Соңғы жаңалықтар