+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қазақстанда 1,5 млн бөтелке ішімдік жасырын цехтарда дайындалған

2020 жылғы 21 қыркүйек 15:03
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 1,5 млн бөтелке ішімдік жасырын цехтарда дайындалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылдан бері еліміздің аумағында алкоголь өнімдерін жасырын жолмен дайындайтын 50-ден астам цех жойылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсыз айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке ішімдік, шамамен 400 мың литр спирт, сонымен қатар 500 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркасы алынды», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Мәселен, комитет төрағасының дерегінше, Ақтөбе қаласында арақ өндірушілердің бірі есепке алынбаған 700 мыңнан астам бөтелке арақ дайындаған.

«Салық төлемеуден келетін шығын 570 млн теңгені құрайды. Шымкент қаласында сапасы төмен спирт дайындайтын жасырын цех жойылды. Құны 31 млн теңге болатын 25 тонна спирт тәркіленді. Алматы облысында азамат Малашкин мен Қаршығаев 40 тоннадан астам спиртті заңсыз тасымалғандары және сатқандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мұндай мысалдар өте көп. Бұл шаралардың барлығы көптеген азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік берді», - деді Жанат Элиманов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT