Қазақстанда 1,4 млн адам емханаға тіркелмеген - вице-министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам емханаға тіркелмеген. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖСН-і бар адамның нақты қай емханаға тіркелгені белгілі екенін білесіздер. Бұған қоса, Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің тіркелген халық тізілімі деп аталатын ақпараттық жүйелерге сараптама жасадық және 1,4 миллион адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелмегенін анықтадық», - деді Л.Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы ретте ол жергілікті атқарушы органдардың назарын әрбір үйге барып, өңірдегі халықтың нақты санын анықтау қажеттігіне аударды.

«Себебі, халықтың әрбір санатының шынайы санын анықтағаннан кейін ғана тұрғындардың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке мұқтаждығын түсінетін боласыздар», - деді ол.

Оның дерегінше, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелмеген тұрғындардың саны көп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар